СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Комьюнити: денсаулық үшін бірлік
- Қаралды: 42
№3 Қалалық емханада (Республика даңғылы, 56) қызметкерлерге арналған тренинг өтті. Шараны ЖДО «Жас-Толқын» психологы Ильяшова Диана жүргізді. Тренингтің тақырыбы — «Комьюнити». Бұл қазіргі заманға сай ұжымдық рухты күшейтуге, өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін дамытуға бағытталған тәсіл.
Медицина қызметкерлерінің жұмысы тек кәсіби білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар үлкен психологиялық төзімділікті талап етеді. Дәрігерлер мен мейірбикелер күн сайын жауапты шешім қабылдайды, жоғары эмоционалдық жүктемеге тап болады. Сол себепті ұжым ішінде сенім мен сыйластық ахуалын қалыптастыру — сапалы қызмет көрсетудің маңызды бөлігі.
Тренинг барысында қатысушылар:
• «комьюнити» ұғымының мәнін және оның медициналық саладағы рөлін;
• ұжымдық қатынастарды нығайтудың тиімді қадамдарын;
• жеке мүдде мен ортақ табыстың тепе-теңдігін сақтаудың жолдарын;
• психологиялық әл-ауқаттың пациенттерге көрсетілетін көмекке тікелей әсерін түсінді.
Диана Ильяшова сенім мен ұжымдық бірлікті арттыруға арналған тәжірибелік жаттығулар жүргізіп, стресс жағдайында жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерімен бөлісті. Сонымен бірге қызметкерлер эмоционалды тұрақтылықты сақтауға көмектесетін жаттығуларды меңгерді.
Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, жалпы жұмыс тиімділігін арттырады. Ең бастысы, әріптестер арасындағы қолдау мен үйлесімділік пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына оң әсерін тигізеді.


