СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

Ұжымдық бірлік - табыстың кепілі

№3 Қалалық емханада ЖДО «Жас-Толқын» психологы Ильяшова Диананың ұйымдастыруымен қызметкерлерге арналған «Комьюнити» тақырыбында тренинг өтті.
Бұл тренингтің мақсаты – ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, қызметкерлер арасындағы сенім мен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ кәсіби ортада бір-бірін қолдаудың маңыздылығын түсіндіру.
Бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің жұмысы үлкен жауапкершілікті, үздіксіз эмоциялық және психологиялық күшті талап етеді. Сондықтан ұжымның бірлігін арттыру, әріптестер арасындағы байланыс пен түсіністікті күшейту – сапалы медициналық көмектің кепілі болып табылады.
Тренинг барысында қатысушылар «комьюнити» ұғымының мәнін, ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын, жеке және кәсіби мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар психолог стресс-менеджмент бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізіп, эмоциялық тұрақтылықты сақтау жолдарын түсіндірді.
Практикалық тапсырмалар қатысушыларға бір-біріне сенім артып, ұжымдық ынтымақтастықтың маңызын сезінуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар медициналық ұйымдардағы командалық рухты нығайтып қана қоймай, жалпы жұмыс тиімділігін арттырады.
Ең бастысы, қызметкерлер арасындағы үйлесімділік пен өзара қолдау пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасына оң әсерін тигізеді. Ұжымдық бірлік – білікті әрі мейірімді медициналық қызметтің кепілі.
  • 535858117_18335920435201542_1398828010297772901_n
  • 535893755_18335920426201542_4278132447749251929_n
  • 537913915_18335920462201542_2203864979688076393_n
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер
  • МЦЗ "Жас толқын"