СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Болашақ аналарға арналған скандинавиялық серуен: денсаулық кепілі
- Қаралды: 63
Болашақ аналарға арналған скандинавиялық серуен: денсаулық кепілі
«Бала емізуді қолдау – болашаққа инвестиция» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының мамандары жүкті әйелдерге арналған скандинавиялық жүріс бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Бұл іс-шара жүктілік кезіндегі әйелдерге қолдау көрсетіп, белсенді өмір салтын насихаттауға және жүктілік кезінде туындайтын асқынулардың алдын алуға бағытталған. Скандинавиялық жүріс – жүктіліктің кез келген кезеңінде қауіпсіз әрі тиімді физикалық белсенділік түрі. Ол төзімділікті арттыруға, салмақты бақылауға, күйзелісті азайтуға және арқа мен аяқ бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі.
Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға скандинавиялық жүрістің негізгі техникасы, қадам басу әдісі, тыныс алу және әр кезеңдегі жүктілікке қарай жаттығулардың ерекшеліктері түсіндірілді. Жүкті әйелдер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, осындай шаралардың пайдалы әрі мотивациялық екенін атап өтті.
Сонымен қатар орталық мамандары ана сүтінің маңыздылығы жайлы айтып, оның сәбидің ғана емес, ананың да денсаулығына пайдасы зор екенін еске салды. Өйткені бала емізу – тек тамақтандыру емес, ол ана мен бала арасындағы ерекше байланыс, психологиялық қолдау әрі иммундық қорғаныстың басты тетігі.


