СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
МӘМС туралы түсіндіру жұмыстары “КАР Logistics”
- Қаралды: 64
МӘМС туралы түсіндіру жұмыстары “КАР Logistics”
№3 Қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» (МӘМС) жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ТОО “КАР Logistics” компаниясының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында МӘМС жүйесінің мәні, оны енгізудің негізгі мақсаттары мен артықшылықтары, сондай-ақ сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
• МӘМС жүйесінің құқықтық негізі мен жұмыс істеу механизмі;
• Азаматтардың медициналық қызметтерге қолжетімділігі;
• Жарналар төлеу тәртібі мен жеңілдіктерге ие санаттар;
• 2026–2027 жылдары енгізілетін жаңашылдықтар;
• Медициналық көмекке ие болу үшін қалай сақтандырылған болу қажет.
Дәрігер қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап беріп, әр қызметкердің жеке жағдайына қатысты мысалдар келтіріп, МӘМС жүйесінің тиімді жақтарын түсіндірді.
Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, жиі қойылатын сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Әсіресе, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын немесе уақытша жұмыссыз жүрген азаматтардың сақтандыру жағдайы, емханаға тіркелу механизмі мен тегін көрсетілетін медициналық қызмет түрлері қызығушылық тудырды.


