СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
МӘМС: Әрбір азаматтың медициналық көмекке қол жеткізу құқығы
- Қаралды: 63
Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында №3 Қалалық емхананың жалпы практика дәрігері қатысуымен «МӘМС: құқықтар, жеңілдіктер және медициналық көмекке қол жеткізу» тақырыбында семинар өтті.
Кездесудің басты мақсаты – қатысушыларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің жұмыс принциптерімен таныстырып, әрбір азаматтың құқықтары мен жеңілдіктері туралы түсінікті әрі толық ақпарат беру болды.
МӘМС — бұл медициналық көмектің қосымша түрлерін қаржыландыратын жүйе. Бұл жүйе арқылы азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмектен бөлек, кеңейтілген қызмет түрлерін пайдалана алады.
Қатысушылар семинар барысында сақтандырылған азаматтардың қандай қызметтерге тегін қол жеткізе алатыны туралы толық ақпарат алды. Олардың қатарына:
• Қымбат диагностикалық зерттеулер (МРТ, КТ);
• Жоғары технологиялық операциялар;
• Білікті мамандардың кеңестері;
• Дәрілік заттармен қамтамасыз ету жатады.
Семинарда 15 жеңілдік санаты туралы да айтылды. Зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар мен балалар — бұл топтағы азаматтар мемлекет есебінен сақтандырылған және қосымша төлем жасамай-ақ медициналық көмек ала алады.
Тыңдаушыларға Egov.kz, Qoldau 24/7 секілді платформалар арқылы өздерінің сақтандыру мәртебесін тексеру жолдары көрсетілді.


