СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Белсенді ұзақ өмір: денсаулықты сақтау мен қалпына келтіру жолдары
- Қаралды: 79
Белсенді ұзақ өмір: денсаулықты сақтау мен қалпына келтіру жолдары
Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында №3 Қалалық емхананың реабилитолог дәрігері Мирас Төлепбергеновтың қатысуымен «Белсенді ұзақ өмір сүру: денсаулықты қалпына келтіру және нығайту» тақырыбында танымдық семинар өтті.
Семинардың мақсаты — егде жастағы азаматтарды физикалық белсенділікті арттыру, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін сақтау және өмір сапасын жақсарту бағытындағы тиімді әдістермен таныстыру болды.
Көптеген егде жастағы адамдар түрлі созылмалы аурулармен өмір сүреді. Реабилитация – бұл ағзаның жұмысын қалпына келтіретін, қозғалыс белсенділігін арттыратын, бұлшықет күшін күшейтетін кешенді әдіс.
Дәрігер қарапайым физикалық жаттығулардың жүрек-қантамыр, тірек-қимыл және жүйке жүйесіне оң әсер ететінін атап өтті. Қатысушыларға тыныс алу техникасы, буындарды жұмсарту және үйлестіру қабілетін арттыруға арналған жаттығулар көрсетілді.
Ұзақ өмірдің тағы бір маңызды факторы — психологиялық тұрақтылық. Мирас Төлепбергенов созылмалы күйзелістің денсаулыққа қалай әсер ететінін және өз-өзіне мотивация берудің тиімді жолдарын түсіндірді.
Семинарда ұйқы, тамақтану және демалыс тәртібінің де маңыздылығы сөз болды. Қатысушыларға пайдалы кеңестер беріліп, жеке сауалдарға жауаптар ұсынылды.


