СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

Саркоманың алдын алу: Ашық есік күні өтті

Саркоманың алдын алу: Ашық есік күні өтті
№3 Қалалық емханада саркоманың алдын алу бойынша айлық аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — халықты сирек кездесетін, бірақ аса қауіпті онкологиялық аурулардың бірі — саркома туралы хабардар ету және ерте диагностиканың маңыздылығын түсіндіру болды.
? Саркома дегеніміз не?
Саркома — бұл бұлшық ет, сүйек, сіңір, қан тамыры сияқты дәнекер тіндерден дамитын қатерлі ісік. Ол ересектерде де, балаларда да пайда болуы мүмкін және бастапқы кезеңде ешқандай белгілер бермей, тез өршуі мүмкін. Сондықтан оны ерте кезеңде анықтау — өмірді сақтаудың басты шарты.
? Қауіп тобына кімдер кіреді?
Сүйек немесе жұмсақ тіндердің жарақатын алғандар, тұқымқуалаушылыққа бейім адамдар, иондаушы сәулеленуге ұшырағандар қауіп тобына жатады. Егер тері астында тығыз ісік пайда болып, ол біртіндеп үлкейсе, сүйек ауырып, қозғалыс шектелсе — бұл маңызды белгілер.
? Неліктен бұл маңызды?
Ерте анықталған әрбір ісік — бұл сапалы өмір мен саулықты сақтау мүмкіндігі. Ауруды алдын алу және уақытылы дәрігерге қаралу — ауыр зардаптардың алдын алудың тиімді жолы.
№3 Қалалық емхана онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша тұрақты түрде ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз — өмір өз қолыңызда.
  • 524668428_18333431935201542_4139491873893314138_n
  • 525301802_18333431926201542_4091995079509679103_n
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер
  • МЦЗ "Жас толқын"