СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
МӘМС жүйесі – медициналық көмектің кепілі
- Қаралды: 70
№3 Қалалық емхананың мамандары Евразиялық банк филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында медициналық сақтандырудың маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сақтандырылған және сақтандырылмаған тұлғаларға көрсетілетін көмек көлемі кеңінен түсіндірілді. Мамандар МӘМС жүйесі арқылы медициналық қызметтерді қалай және қайда алуға болатыны, қандай өзгерістер күтілетіні, соның ішінде 2026–2027 жылдары енгізілетін жаңалықтар туралы да айтып өтті.
Қатысушыларға сақтандыру жарналарының төлену тәртібі, жұмыс берушінің және азаматтың жауапкершілігі туралы мәлімет берілді. Қызметкерлерге жүйеге қатысудың тиімді тұстары, мысалы, қымбат диагностикалық тексерулер мен жоспарлы емделуге тегін қолжетімділік секілді артықшылықтар нақты мысалдармен түсіндірілді.
Семинар барысында туындаған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, қатысушылар белсенділік танытты. Қалалық емхана мамандары бұл жұмыстың маңызы зор екенін атап өтті, өйткені әрбір азамат өз денсаулығына қатысты құқықтарын білуі және оны қорғау жолдарын түсінуі қажет.


