СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
📌 Кене энцефалитінің алдын алу шаралары халыққа ұсынымдар
- Қаралды: 9

Медицина қызметкерлер арасында кеңе энцефалиті бойынша семинар өткізілді.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК өзекті тақырып – кене энцефалитінің алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті. Шараға аталған ұйымның медицина қызметкерлері қатысты.Көктемгі-жазғы маусымның басталуымен кене шағу арқылы берілетін инфекция қаупі артады. Осыған байланысты, кене энцефалитіне күдік туындаған жағдайда оны алдын алу шараларын, жедел ақпараттандыру, диагностикалау сонымен қатар көмек көрсету шаралары туралы, жөнінде оқытулар жүргізілді.
Семинар барысында қамтылған мәселелер:
• кене энцефалитінің эпидемиологиялық жағдайы;
• кене энцефалиті аурудың белгілері;
• профилактикалық іс - шаралар оның ішінде вакцинация және халықпен ағарту жұмыстары.
Медицина қызметкерлеріне науқастарды жедел анықтау және хабардар ету, сондай-ақ тістеу жағдайларын міндетті түрде тіркеу жауапкершілігі ескертілді.