СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
? Сібір жарасы: медицина қызметкерлеріне арналған іс-әрекет алгоритмі
- Қаралды: 78
Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың таралу қаупі туындаған сәтте, ең алдымен әрекет ететін – медицина қызметкері. Сондықтан Қалалық емхана №3-те профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Динара Түсіпбекова медицина мамандарына арналған арнайы семинар өткізді.
«Сібір жарасы: науқас анықталған кездегі медицина қызметкерінің тактикасы»
– Аурудың клиникалық белгілері
– Қоздырғыштың берілу жолдары
– Пациентті оқшаулау тәртібі
– СЭС пен эпидқызметке дер кезінде хабарлау
– Қауіпсіздік шаралары мен қорғаныс құралдарын пайдалану
Семинарда нақты мысалдар мен сценарийлер арқылы ауру анықталған кездегі алгоритм нақтыланды. Медициналық ұжым арасында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, теориялық білім тәжірибемен ұштастырылды.
Сібір жарасы – адам өміріне қауіп төндіретін инфекция. Уақтылы әрекет – дерттің таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.


