СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Ұлттық егу күнтізбесі: балаңызды қорғаудың ең сенімді жолы
- Қаралды: 8
Кейбір ата-аналар вакцина туралы түрлі ақпарат көздерінен естіген соң, күмәндана бастайды. Алайда ғылым мен тәжірибе көрсеткендей, вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі.
Қазақстанда бекітілген ұлттық егу күнтізбесі бар. Бұл – баланың өмірінің әр кезеңіне сәйкес инфекциялардан қорғайтын нақты жоспар. Күнтізбе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

– Туберкулез – өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы;
– Гепатит В – бауырды зақымдайды;
– Көкжөтел, дифтерия, сіреспе – тыныс алу және жүйке жүйесіне қауіп;
– Қызылша, қызамық, паротит – баланың дамуына әсер ететін вирустар;
– Полиомиелит – сал ауруына себеп болуы мүмкін;
– Пневмококк инфекциясы – құлақ, өкпе және ми қабынуы.



Баланың болашағы – сіздің бүгінгі шешіміңізге байланысты.
Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!
Debug: specified directory - https://3emhana.kz/images/privivka