СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Профилактика – бұл ақпарат, ал таңдаулы мінез – басты қорғаныс
- Қаралды: 12
Профилактика – бұл ақпарат, ал таңдаулы мінез – басты қорғаныс
Қалалық емхана №3-тің алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ЗОЖ дәрігері Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында ұйымдастырылды.

Мінез-құлық – адам денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі фактор. Әсіресе, тәуекелге бейім салаларда қызмет ететін азаматтар үшін бұл – аса маңызды.
Семинарда келесі тақырыптар қамтылды:
– күйзелістің мінезге әсері,
– агрессия мен ішкі жанжалдардың денсаулыққа әсері,
– темекі, ішімдік және басқа да тәуелділіктің алдын алу жолдары,
– ішкі мотивация мен позитивті қарым-қатынас құру тәсілдері.

Мамандардың айтуынша, бұндай кездесулер тек профилактика ғана емес, кәсіби күйіп кетудің алдын алу мен мықты ұжым қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
