СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Балалардың жүрегіне шаттық сыйлаған күн
- Қаралды: 2
2 маусым күні Астана қаласындағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған концерттік бағдарлама өтті.
Шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып, «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығы, Сарыарқа ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және Қызмет көрсету және туризм колледжінің еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кештің басты мақсаты – балаларға мейірім мен қуаныш сыйлап, олар бұл өмірде жалғыз емес екенін сезіндіру еді.

