СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Жасөспірімдердің репродуктивті саулығы — назарда
- Қаралды: 27
Балаларды қорғау күні қарсаңында №39 кешкі мектептің ер балаларымен ерекше әрі маңызды кездесу өтті. Тақырыбы: «Репродуктивті денсаулықты қорғау. Жеке гигиена. ЖЖБИ-дің алдын алу».
Кездесуді №3 қалалық емхана жанындағы «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының гинекологы — Динара Тусипбекова өткізді.
Көпшілік үшін бұл тақырып ұялатын немесе жабық болғанымен, семинар ашық, сенімді, сыйластыққа толы атмосферада өтті.
Маман келесі бағыттарға тоқталды:




Көптеген жасөспірімдер сұрақ қойып, нақты жағдайларды мысалға келтіріп, белсенді қатысты. Бұл жастарға мұндай білімнің ауадай қажет екенін көрсетті.
Мақсат — ұялту емес, үйрету. Қорқыту емес, түсіндіру.
Денені, өз-өзін, серіктесті құрметтеуге тәрбиелеу.