СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ МЕН УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУДІҢ ПАЙДАСЫ»

Соңғы уақытта болып жатқан короновирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай тәртібі әлі де жалғасын табуда.Осыған орай еліміздің студенттері қашықтықтан оқу жүйесін толық меңгеріп,онлайн оқуды жалғастыруда.

Осы тұрғыда студенттерге беріп кетер кеңестер мен ұсынымдар.

Төтенше жағдай тәртібі елімізде аяқталып,бұл болып жатқан дүниенің барлығы уақытша екенін түсіну өте маңызды.Бірінші кезекте сабыр сақтап,өзіңіздің оқу орныңыздан алынған мәліметтерді мұқият түсінуге және оқытушы тарапынан берілген ақпарат пен тапсырманы барынша өзіңізге ыңғайлы бағытта,салмақ салмай орындауға тырысыңыз.Оқытушымен оқу барысында пікірталастар ұйымдастырып,қызықты сұрақтар қойып,түрлі ақпараттармен алмасыңыз,сол кезде сабақ барысы да ерекше бағытта өтеді,сәйкесінше сіздің сабаққа деген ынтаңызды ашуы да ғажап емес.

Сабақтан бос уақытта,үйде отырып жаңа идеялар мен қызықты мәліметтер,жаңа дағдылар меңгеруге таптырмас мүмкіндік.

Сондай-ақ,интернет және телефон арқылы өз мүмкіншілігіңіз бен уақытыңызды тиімді пайдалана біліңіз.Ойыңызда жүрген қызықты,өз идеяларыңыз бен бойыңыздағы талантпен неге бөліспеске.Мәселен өлең оқу,мақала жазу,әншілік немесе бишілік қабілетіңізді көрсету,спорттық жаттығулар және т.б.

Физикалық форманың жақсы болуы тікелей психикалық форманың жақсы болуына байланысты екенін естен шығармаңыз.Белсенділік танытып,аэробика,гимнастика,түрлі жаттығулар жасап бір уақыт өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпағайсыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

 

ШЖҚ "№3 қалалық емхана" МКК

Психолог:Шамшидинова Ш.П.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер
  • МЦЗ "Жас толқын"