СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Интернетке тәуелділік: жастарды қалай қорғауға болады?
- Қаралды: 58
Қазіргі таңда интернет пен ойындар жастар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ оның да теріс салдары бар – ол интернетке және ойындарға тәуелділік. Дәл осы маңызды тақырып бойынша «Жас Толқын» ЖДО психологы Еуразия гуманитарлық институтының А. Құсайынов атындағы жоғары колледжі студенттерімен дөңгелек үстел өткізді.

Зерттеулерге сәйкес, интернет пен ойындарға шектен тыс әуестену эмоционалды тұрақсыздыққа, зейіннің төмендеуіне, әлеуметтік бейімделу проблемаларына және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Жастар, әсіресе, бұл қауіп-қатерге көбірек ұшырайды.

Дөңгелек үстел барысында студенттер тәуелділіктің белгілері, оны алдын алу жолдары және өзін-өзі бақылау әдістері туралы білді. Өмірден алынған нақты оқиғалар талқыланып, ойынға тәуелділіктің оқуға және жеке өмірге қалай әсер ететіні жайлы сөз қозғалды.

Гаджеттерді қолдану уақытын шектеңіз.
Интернеттегі ойын-сауықтың орнына спортпен айналысыңыз.
Шынайы қарым-қатынасты дамытуға көңіл бөліңіз.
Мотивацияны виртуалды емес, шынайы өмірден іздеңіз.
Студенттер белсенді сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу пайдалы кеңестермен аяқталды, олар жастардың интернетке тәуелділіктен сақтануына және шынайы өмір мен виртуалды әлем арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.