СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Депутаттар №3 Қалалық емхананың жұмысымен танысты: жастармен жұмыс қалай ұйымдастырылуда?
- Қаралды: 15
Жұмыс сапарымен №3 Қалалық емханаға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев пен Самат Нұртаза, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ерлан Даукенов пен Алтыншаш Табулдина келді. Сапардың негізгі мақсаты – қала колледждері мен университеттерінің студенттеріне медициналық қызмет көрсету жүйесімен танысу болды.
Депутаттар студенттерге медициналық көмек көрсетілетін кабинеттерді аралады. Әсіресе, емхана базасында жұмыс істейтін «Жас Толқын» Жастар денсаулығы орталығының қызметіне ерекше назар аударылды. Бұл орталықта жастарға аурулардың алдын алу, отбасыны жоспарлау, психологиялық кеңес беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қызметтер көрсетіледі.
Ғимаратты аралап шыққаннан кейін депутаттар емхана ұжымымен кездесу өткізді. Жылы әңгіме барысында жастармен профилактикалық жұмыс, скринингтер мен білім беру семинарларын өткізу мәселелері талқыланды. Әсіресе, жасөспірімдер мен студенттермен жұмыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Қонақтар емхана жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. «№3 Қалалық емхана жастармен жұмыста сапалы қызмет көрсетудің үлгісін көрсетіп, аурулардың алдын алу мен уақытылы емдеуді қамтамасыз етуде», – деп пікір білдірді депутаттар.
№3 Қалалық емхана жастар арасында денсаулықты сақтауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды енгізіп, медициналық қызмет көрсетудің маңызды буыны болып қала бермек.