СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
8 701 785 57 07

"Жас толқын" жастар орталығы

Асқазан мен бауыр қатерлі ісігінен қалай сақтануға болады: дәрігер кеңестері

Асқазан мен бауыр қатерлі ісігінен қалай сақтануға болады: дәрігер кеңестері

№3 Қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Азат Нұрмағамбетов пациенттермен қабылдау кезегін күту барысында асқазан мен бауыр қатерлі ісігінің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді. Республика даңғылы, 56 мекенжайында өткен іс-шара онкологиялық аурулардың қауіпті факторлары мен оларды болдырмау әдістері туралы ақпараттандыру айлығы аясындағы бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылды.

Әңгіме барысында Азат Нұрмағамбетов асқазан мен бауырдың қатерлі ісігіне әкелетін негізгі қауіп факторларына тоқталды:
• Дұрыс емес тамақтану. Майлы, ысталған және шамадан тыс тұздалған тағамдарды тұтыну асқазан қатерлі ісігінің қаупін арттырады.
• Алкогольді шамадан тыс пайдалану және темекі шегу. Бұл әдеттер бауыр мен асқазанның зақымдану ықтималдығын едәуір арттырады.
• Helicobacter pylori инфекциясы. Бұл бактерия асқазан жарасы мен қатерлі ісікке дейінгі жағдайлардың негізгі себебі болып табылады.
• Вирусты гепатиттер. Созылмалы В және С гепатиттері көбінесе бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкеледі.

Дәрігер салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді:
• Уақытылы профилактикалық тексерулерден өтіп, қажетті анализдерді тапсыру.
• Күнделікті ас мәзіріне көкөністер мен талшыққа бай жемістерді қосу.
• Алкогольді тұтынуды шектеп, темекі шегуден бас тарту.
• В гепатитіне қарсы вакцина алу.

Әңгіме соңында дәрігер пациенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың денсаулықтарын қалай күту керектігі туралы түсініктерін кеңейтті. Азат Нұрмағамбетов атап өтті:
«Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жеңіл. Организмнің белгілеріне назар аударып, профилактикалық шараларды ескермеу маңызды».

Мұндай кездесулер пациенттердің ақпараттандырылу деңгейін арттыруға және денсаулыққа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

  • -  3
  • -  3                 1
  • -  3                 2
  • -  3                 3
  • -  3                 4
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БАҚ біз туралы