СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана-Профи» колледжінде психологиялық денсаулықтың маңыздылығы туралы айтылды
- Қаралды: 61
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана-Профи» колледжінде психологиялық денсаулықтың маңыздылығы туралы айтылды
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлемдік акциясы аясында «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжінде «Жас толқын» жастар даму орталығының психологы Демидова Ю.С. жүргізген «Агрессияға ТОҚТАТ» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Іс-шара студенттердің эмоционалдық сауаттылығын арттыруға, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және агрессивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталды.
Демидова Ю.С. психолог студенттерге агрессияның пайда болу себептері, оның жеке тұлға мен қоғам үшін салдары туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар эмоцияны әр түрлі жолмен білдірудің маңыздылығы, өзін-өзі бақылау және өз сезімдерін басқару қабілеті туралы білді.
Практикалық жаттығулар барысында студенттер агрессияның көріністеріне байланысты нақты өмірлік жағдайларды талқылап, конструктивті қарым-қатынас және қақтығыстарды шешу дағдыларын меңгерді. Психолог басқа адамдарға деген әріптестік, төзімділік және құрмет сезімінің маңыздылығын атап өтті.
«Агрессия – бұл әрдайым физикалық зорлық-зомбылық емес. Бұл сөзбен шабуылдау, мазақтау, манипуляция болуы мүмкін. Агрессивті мінез-құлық мәселені шешпейтінін, керісінше оны күрделендіретінін түсіну маңызды», – деп атап өтті Демидова Ю.С.
Семинар соңында студенттер өздерінің әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі тренингте алған ақпараттың өздері үшін пайдалы және күнделікті өмірде оларға көмектеседі деп сенді.