СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында қызмет көрсету және туризм колледжінде отбасының құндылығы жайлы айтылды
- Қаралды: 69
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында қызмет көрсету және туризм колледжінде отбасының құндылығы жайлы айтылды
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында қызмет көрсету және туризм колледжінде «Отбасы – ұлттың қазынасы» атты инсценировкалар байқауы өтті. Іс-шараны СПП және «Жас толқын» ЖДО мамандары ұйымдастырды.
Колледж студенттері отбасылық өмірдің түрлі аспекттерін бейнелейтін жарқын және әсерлі көріністер дайындады: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жасөспірімдік жастың мәселелері, отбасылық дәстүрлердің маңызы. Әрбір қойылым терең мағынаға толы болды және отбасының құндылығы туралы ойландырды.
Іс-шараға қонақ ретінде «Заманауи» жастар үйірмесінің жетекшілері шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас актерлерге бағалы кеңестер берді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, оларды естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапаттады. Іс-шараға қатысушылардың барлығы оң эмоция алып, отбасылық қарым-қатынас туралы маңызды мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.
«Біздің байқаудың мақсаты – студенттерге отбасының әр адамның өміріндегі басты құндылық екенін көрсету. Жастар мықты отбасылық байланыстардың маңыздылығын түсініп, жақындарымен үйлесімді қарым-қатынас құруға ұмтылуымызды қалаймыз», – деп атап өтті «Жас толқын» ЖДО-ны өкілдейтін Лейла Маратовна.