СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
8 701 785 57 07

"Жас толқын" жастар орталығы

Саңырауқұлақ инфекциясының алдын алу: әрбір адам білуі тиіс нәрселер

Саңырауқұлақ инфекциясының алдын алу: әрбір адам білуі тиіс нәрселер

Саңырауқұлақ инфекциясы – жиі кездесетін мәселе, ол адамға көптеген ыңғайсыздықтар тудыруы мүмкін. Алайда, жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау және мамандардың ұсыныстарын орындау арқылы оның алдын алуға болады.

«Астана профи» колледжінде «Жас толқын» медициналық орталығының дерматовенеролог дәрігері Бостанов С.Ж. саңырауқұлақ инфекциясының алдын алуға арналған семинар өткізді. Маманның айтуынша, саңырауқұлақ көбінесе табан терісін, тырнақты және саусақ арасындағы теріні зақымдайды. Бұл ылғалды және жылы ортада саңырауқұлақтар белсенді көбейетіндігімен байланысты.

Саңырауқұлақ инфекциясының негізгі себептері:

• Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау: қоғамдық орындарда жалаң аяқ жүру, басқаның сүлгісі мен аяқ киімін пайдалану, шұлықты сирек ауыстыру.
• Аяқтың тершеңдігі жоғары болуы.
• Терінің бүтіндігінің бұзылуы: жарықшақтар, тырнақ, сызаттар.
• Иммунитеттің төмендеуі.
• Тығыз және ыңғайсыз аяқ киім кию.

Саңырауқұлақ инфекциясының алдын қалай алуға болады?
• Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаңыз: аяқты сабынмен үнемі жуып, саусақ арасын мұқият сүртіңіз.
• Ыңғайлы, табиғи материалдан жасалған аяқ киім киіңіз.
• Күн сайын шұлықты ауыстырыңыз.
• Қоғамдық орындарда жалаң аяқ жүрмеңіз.
• Аяқ киім мен шұлықты дезинфекциялаңыз.
• Иммунитетті нығайтыңыз.

Саңырауқұлақ инфекциясының алғашқы белгілері (қышу, қабыршақтану, тері немесе тырнақтың түсінің өзгеруі) байқалса, дерматологқа қаралу қажет. Маман дәл диагноз қойып, тиісті ем тағайындайды.

«Саңырауқұлақ инфекциясын өз бетінше емдеу өте қауіпті, өйткені асқынуларға және созылмалы процесске әкелуі мүмкін», – деп ескертеді дерматовенеролог Бостанов С.Ж. – «Тек дәрігер ғана пациенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді ем таңдай алады».

  • -                .       1
  • -                .       2
  • -                .       3
  • -                .
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БАҚ біз туралы