СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Агрессия – менің таңдауым емес»: Еуразиялық гуманитарлық институтының студенттері эмоцияны басқару бойынша тренингке қатысты
- Қаралды: 42
«16 күн зорлық-зомбылықсыз» әлемдік акциясы аясында «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының психологы Ильяшова Д.Ж. «Еуразиялық гуманитарлық институтының Жоғарғы колледжі» студенттеріне арнап «Агрессия – менің таңдауым емес» атты бірқатар тренинг өткізді.
Тренинг барысында Ильяшова Д.Ж. студенттерге агрессивті мінез-құлықты анықтау және бақылау әдістерін түсіндіріп, агрессияның жеке тұлға мен кәсіби дамуға әсері туралы әңгімеледі. Студенттер өздерін бақылау және оң қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған талқылаулар мен практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты.
Мұндай тренингтер оқу орындарында сау және жағымды атмосфера қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Психолог Ильяшова Д.Ж. студенттердің эмоцияны басқару жолдары туралы хабардар болуының маңыздылығын атап өтіп, бұл оқу үшін қауіпсіз және қолдау көрсететін орта жасауға ықпал ететінін айтты.
Іс-шара жалпы талқылаумен аяқталып, оның барысында студенттер өздерінің әсерлерімен бөлісіп, психологиялық денсаулықты қолдау үшін қосымша ресурстар туралы білді. Тренинг қатысушыларында оң әсер қалдырып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға деген ұмтылыс тудырды.