СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Екінші отбасы: Студенттер ұжымдағы қарым-қатынастың маңыздылығы туралы талқылады
- Қаралды: 1
«Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінде «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының психологы Динара Ильяшова ұйымдастырған «Екінші отбасы» тақырыбындағы тренинг өтті. Іс-шара студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, топтық рухты нығайтуға және оқу орнында жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталды.
Тренинг барысында студенттер аралық қарым-қатынастың маңыздылығы, қақтығыстарды шешу жолдары, тиімді коммуникация жасау және ұйымдасқан ұжым құру әдістері туралы талқылады. Психолог эмпатияны дамытуға, бір-бірін тыңдауға және түсінуге бағытталған бірқатар практикалық жаттығулар жүргізді.
«Колледж – бұл тек білім алу орны ғана емес, сонымен қатар студенттер өз уақыттарының көп бөлігін өткізетін екінші отбасы іспетті, – деп атап өтті Динара Ильяшова. – Сондықтан құрбылар мен оқытушылармен үйлесімді қарым-қатынас құруды үйрену өте маңызды».
Тренингке қатысушылар іс-шарадан қанағаттанып қайтты. Олар алған білімдерінің бір-бірін жақсы түсінуге, қақтығыстарды шешуге және оқу тобындағы жағдайды жақсартуға көмектесетінін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DCwKWZlxUuX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==