СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Спорт және денсаулық: жас спортшылар арасында АИТВ профилактикасы
- Қаралды: 5
Спорт және денсаулық: жас спортшылар арасында АИТВ профилактикасы
"Жас толқын" жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ильяшова Қ. Мұнайтпасов атындағы Республикалық мамандандырылған спорт мектебі-интернаты-колледжінің студенттерімен АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында бірнеше рет кездесу өткізді. Бұл кездесулердің мақсаты – жас спортшылардың АИТВ туралы білімін арттыру, оның жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы түсінік беру болды.
Кездесулер барысында психолог студенттерге АИТВ деген не, қалай жұғады және денсаулыққа қандай зиян келтіретіні туралы айтып берді. Қауіпсіз жыныстық қатынас және барьерлі контрацепция құралдарын пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, студенттерге АИТВ-ға анонимді тексерілудің қай жерден және қалай өтуге болатыны туралы ақпарат берілді.
"Спортшылар – үлгі болар тұлғалар, сондықтан олардың сау өмір салтын ұстанып, АИТВ инфекциясы сияқты ауыр мәселелер туралы хабардар болуы өте маңызды, – дейді Диана Ильяшова. – Бұл кездесулер жастарға саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығын қорғауға көмектеседі".
Студенттер лекцияларды үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Олар кездесулерде алған ақпараттың өздері үшін пайдалы және өзекті екенін атап өтті.
"Жас толқын" жастар денсаулық орталығы жастар арасында АИТВ және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған осындай шараларды үнемі өткізіп тұрады. Айта кетейік, ЖДО 29 жасқа дейінгі жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық, емдеу-профилактикалық, психологиялық және заңгерлік көмек МӘМС аясында тегін көрсетеді.
@msqory.astana @msqory_astana
#ОСМС #МӘМС #жастолқын #осмсастана #мәмсастана #конкурс #лидерпмсп