СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
"Шипагер" медицина колледжі студент қыздарына арналған саулық сақтау семинарлары
- Қаралды: 6
"Шипагер" медицина колледжі студент қыздарына арналған саулық сақтау семинарлары
"Шипагер" медицина колледжінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің и.а. меңгерушісі "Қызыл қазан" айлығы аясында студент қыздарға сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу туралы бірқатар семинарлар өткізді. Семинарларда "Репродуктивті денсаулықты сақтау. ерте жүктіліктің алдын алу" және "Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу" тақырыптары қарастырылды.
Семинар барысында студент қыздар репродуктивті денсаулықты қалай сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу керектігі туралы маңызды ақпарат алды. Әсіресе, "Қызыл қазан" айлығы аясында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Дәрігер ерте анықталған кезде көптеген онкологиялық ауруларды емдеуге болатындығын атап өтті. Дәрігердің айтуынша, МӘМС шеңберінде скринингтер мен кәсіби тексерулер әрбір сақтанушы үшін тегін жүргізіледі.
@msqory.astana @msqory_astana
#ОСМС #МӘМС #жастолқын #осмсастана #мәмсастана #конкурс #лидерпмсп