СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
"Шипагер" медицина колледжі студент қыздарына арналған саулық сақтау семинарлары
- Қаралды: 13
"Шипагер" медицина колледжі студент қыздарына арналған саулық сақтау семинарлары
"Шипагер" медицина колледжінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің и.а. меңгерушісі "Қызыл қазан" айлығы аясында студент қыздарға сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу туралы бірқатар семинарлар өткізді. Семинарларда "Репродуктивті денсаулықты сақтау. ерте жүктіліктің алдын алу" және "Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу" тақырыптары қарастырылды.
Семинар барысында студент қыздар репродуктивті денсаулықты қалай сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу керектігі туралы маңызды ақпарат алды. Әсіресе, "Қызыл қазан" айлығы аясында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Дәрігер ерте анықталған кезде көптеген онкологиялық ауруларды емдеуге болатындығын атап өтті. Дәрігердің айтуынша, МӘМС шеңберінде скринингтер мен кәсіби тексерулер әрбір сақтанушы үшін тегін жүргізіледі.
Қазір елде тегін онкоскринингтің үш түрі бар: сүт безі обыры (әйелдер – 40 жастан 70 жасқа дейін), колоректальды қатерлі ісік (ерлер мен әйелдер үшін – 50 жастан 70 жасқа дейін), жатыр мойны обыры (әйелдер үшін – 30 жастан 70 жасқа дейін). Скрининг тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
Мұндай білім беру шаралары жастардың өз денсаулығына қамқорлық жасау және ауыр аурулардың алдын алудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Мамандардың бастамасының арқасында "Шипагер" колледжінің студент қыздары болашақта өздеріне пайдалы болатын құнды білім алды.