СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қыс мезгіліндегі қауіп: мұз басып қалған жерде қалай жүру керек Қыс мезгілінің келуімен қатар, мұз басып қалған жерлерде құлап жарақат алу қаупі де артады. Қалалық №3 емханасының травматолог дәрігері Амирхан Қазымпаровтың айтуынша, қыс мезгілінде жарақат
- Қаралды: 67
Қыс мезгіліндегі қауіп: мұз басып қалған жерде қалай жүру керек
Қыс мезгілінің келуімен қатар, мұз басып қалған жерлерде құлап жарақат алу қаупі де артады. Қалалық №3 емханасының травматолог дәрігері Амирхан Қазымпаровтың айтуынша, қыс мезгілінде жарақат алу қаупі екі есеге артады. Мұндай жарақаттар әдетте дене жарақатынан бастап, ашық сынықтарға дейін әртүрлі болуы мүмкін.
Сондықтан, мұз басып қалған жерде жүргенде мынадай ережелерді сақтау қажет:
1. Аяқ киім: Табаны тайғанақсыз, микросаңлаулы аяқ киім кию керек. Биік өкшелі аяқ киімнен бас тартыңыз.
2. Абай болыңыз: Аяқ астыңызға қарап, қауіпті жерлерді айналып өтіңіз. Егер мұздың үстімен өтуге тура келсе, ақырын сырғанай жүріңіз.
3. Тұрақтылық: Аяғыңыздың бүкіл табанымен жерге басып, тізеңізді сәл бүгіп жүріңіз.
4. Еңісті жерлер: Еңісті жерлерден абайлап түсіңіз.
5. Қолдарыңыз: Қолыңызды қалтаға салмаңыз, тепе-теңдікті сақтау үшін қолыңыз бос болуы керек.
6. Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар: Трость немесе арнайы таяқ пайдалану ұсынылады.
7. Егер құлап қалсаңыз: Жерге құлағанда денеңізді қорғап, басыңызды қолдарыңызбен жауып алыңыз.
8. Көмек: Жақындарыңыздан немесе өткізушілерден көмек сұраңыз.
9. Дәрігерге қаралыңыз: Егер ауырсыну сезімі күшті болса немесе денеңізде ісіну байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
Амирхан Қазымпаров: «Егер сіз жарақат алсаңыз, кез келген травматологиялық пункттен тегін медициналық көмек ала аласыз. Содан кейін сіз тұратын жердегі емхананың травматолог дәрігеріне қаралуыңыз керек. Барлық медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында беріледі, яғни сізге қажетті емделу тегін болады. Алайда, жарақаттан гөрі одан сақтанудың жолдарын іздеген дұрыс», – дейді дәрігер.