СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Психологиялық жағдай – сауығудың кілті
- Қаралды: 69
Психологиялық жағдай – сауығудың кілті
№3 қалалық емханада пациенттердің психологиялық жағдайының денсаулыққа әсері туралы маңызды іс-шара өтті. «Жас Толқын» ЖДО психологы Юлия Демидова бастаған бұл жоба аясында пациенттер мен медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
«Көптеген адамдар ауруханаға келгенде тек дене сырқатын ойлайды. Ал психологиялық жағдай денсаулыққа тікелей әсер етеді», – дейді Юлия Сергеевна. – «Стресс, мазасыздық, депрессия сияқты жағдайлар емделу процесін баяулатады».
Психолог бұл мәселенің маңыздылығын түсіндіру үшін арнайы буклеттер дайындады. Бұл буклеттерде психологиялық тепе-теңдікті сақтау және эмоционалдық қиындықтарды қалай жеңуге болатыны туралы пайдалы кеңестер берілген.
Пациенттермен сұхбаттасу барысында олардың көпшілігі аурудан қорқып, жалғыздық сезінетінін анықталды. Юлия Демидованың айтуынша, психологиялық денсаулық – бұл әр адам үшін өте маңызды. «Психологиялық денсаулық – бұл физикалық денсаулық сияқты маңызды ресурс. Оған инвестиция салған адам өзін ақтайды», – дейді ол.
«Жас Толқын» орталығында өткен бұл жобаның нәтижесінде көптеген адамдар психологиялық жағдайдың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар маман, №3 Қалалық емханаға бекітілген тұрғындар үшін психологтың кеңесін МӘМС шеңберінде алуға болатындығын ескертті. Ол үшін участкелік дәрігерігер арқылы жазылу қажет.
Орталықтың жоспарында мұндай іс-шараларды жалғастыру бар. Мақсат – пациенттерге жайлы және қолдау көрсететін атмосфера жасау.