СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
"Шарапат" қарттар үйіндегі жылы шара
- Қаралды: 47
"Шарапат" қарттар үйіндегі жылы шара
«Шарапат» қарттар үйі Жасы үлкендер күнінде жылулық пен қамқорлыққа толы болды. Қалалық №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі мен «Жас Толқын» жастар орталығының мамандары «Астана Профи» колледжінің еріктілерімен бірге «Жылу мен қамқорлық сыйла!» акциясын ұйымдастырып, барлық қатысушылар үшін шынайы мереке жасады.
Сол күні қарттар үйінде концерт өтіп, еріктілер іс-шараны ұйымдастыруға белсенді көмектесті. Олар қонақтарды қарсы алып, қарт апалар мен аталарды орындыққа жайғастыруға көмектесіп, әрқайсысына қамқорлық пен жайлылық сезімін сыйлады. Концерт кезінде еріктілер тек қана бақылап қоймай, қарт апалар мен аталармен бірге билеп, оларға жастықтың шаттығы мен энергиясын сыйлады.
Көңілді биден басқа, студенттер әжелер мен аталарды қызықты әңгімелермен көңілдендіріп, іс-шараның жылы атмосферасы әркімнің өзін ерекше сезінуіне мүмкіндік берді.
Мұндай акциялар тек қарт адамдарға қуаныш сыйлап қана қоймай, сонымен қатар жас ұрпаққа адамгершілікке, қамқорлыққа және жақындарына деген сүйіспеншілікке үйретеді. Өйткені, әрқайсымыз мұқтаж адамдарға жылы жүзбен қарап, біраз жылулық сыйлай аламыз.