СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Болашағың өз қолыңда: Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасау және вакцинация
- Қаралды: 30
Болашағың өз қолыңда: Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасау және вакцинация
Денсаулық – біздің басты байлығымыз, сондықтан оған бала кезінен бастап қамқорлық жасау керек. 3-қалалық поликлиниканың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің и.а. меңгерушісі Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжі студенттеріне арнап өткізген семинарда осы мәселе көтерілді. Кездесудің тақырыбы медицинадағы маңызды бағыт – «Репродуктивті денсаулықты сақтау. ВПЧ профилактикасы. Вакцинация» болды.
Семинар барысында студенттер адам папилломавирусы (ВПЧ) жатыр мойны қатерлі ісігінің дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылатындығын, бірақ оны уақытылы вакцинация арқылы болдырмауға болатындығын білді. Лектор иммунизацияның және үнелі профилактикалық тексерулердің маңыздылығын айтып, ВПЧ вакцинасы репродуктивті денсаулықты сақтаудың негізгі құралы екенін атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардың алдын алу жолдары мен өзін және серіктесін қалай қорғауға болатын әдістерді талқылады. Саламатты өмір салты, үнелі тексерулер және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – ұзақ және бақытты өмірге жеткізетін негізгі қадамдар.
Әрбір студент өз денсаулығының болашағы қазір қабылдайтын шешімдеріне байланысты екенін түсініп қайтты. Өзіңізге қамқорлық жасап, репродуктивті денсаулығыңызды сақтаңыз!