СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
"Сәттілікке алғашқы қадамдар: Студенттерге қолдау көрсету!"
- Қаралды: 48
Жаңа өмірге бастау басу – әсіресе бірінші курс студенттері үшін өте маңызды кезең. "Жас Толқын" жастар орталығының психологы Ю.С. Демидова "Астана-Профи" қалалық шаруашылық колледжінің студенттеріне арнап "Алғашқы қадамдар" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Кездесуде оқу үрдісіне және әлеуметтік ортаға бейімделудің негізгі аспектілері талқыланды. Жастар стресспен күресу, оқуда жайлы атмосфера қалыптастыру және оқытушылар мен құрдастарымен қарым-қатынас орнату бойынша практикалық кеңестер алды.
Арнайы жаттығулар мен топтық талқылаулар студенттерге коммуникацияның және өзара көмектің маңыздылығын ашуға көмектесті. Өйткені бейімделу кезінде оқумен қатар, ортақ ойлас адамдар арасынан қолдау табу өте маңызды.
Мұндай іс-шаралар жастарға өз мақсаттарына жету жолындағы барлық кедергілерді жеңіп, болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі! Сіздің денсаулығыңыз бен үйлесіміңіз – сіздің қолыңызда! ✨