СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Отбасылық құқықтың негіздері» тақырыбындағы семинар
- Қаралды: 46
«Жас толқын» жастар денсаулық орталығының юрисі 3-қалалық емхананың қызметкерлеріне арнап Отбасы күніне орай «Отбасылық құқықтың негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің отбасылық құқық саласындағы заңдық сауаттылығын арттыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға некеге тұру және ажырасу, жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, алимент төлеу міндеттемелері және мұрагерлік мәселелері сияқты негізгі заңдық аспектілер бойынша түсіндірмелер берілді. Әсіресе, балалардың құқықтары мен қақтығыс жағдайларында отбасылық мүдделерді қорғаудың заңдық механизмдеріне ерекше назар аударылды.
Юрист сонымен қатар күрделі жағдайларда заңгерге уақытылы жүгінудің маңыздылығын атап өтіп, отбасылық құндылықтарды қорғау үшін қолжетімді заңдық құралдар туралы айтып берді. Семинар қатысушылардың практикалық мысалдарды талқылап, өзекті заңдық мәселелер бойынша сұрақтар қоюымен аяқталды.