СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Сапаржай» автовокзалының қызметкерлері үшін ВПЧ профилактикасы бойынша семинар өткізілді
- Қаралды: 57
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек (ӘПҚ) бөлімінің и.а. меңгерушісі Түсіпбекова Д.М. «Сапаржай» автовокзалының қызметкерлері үшін адам папилломавирусының (ВПЧ) профилактикасы мәселелері бойынша семинар өткізді. Бұл іс-шараның ерекше форматы көлік саласы қызметкерлерін ВПЧ-мен байланысты қауіп-қатерлер және оның алдын алу мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған болатын.
Түсіпбекова Д.М. үнемі медициналық тексеруден өтудің және ВПЧ-мен күресте негізгі құрал болып табылатын вакцинацияның маңыздылығына баса назар аударды. Семинарда вирус туралы негізгі мифтер талданып, денсаулықты сақтау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
«Сапаржай» автовокзалының қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Осындай іс-шаралар еңбек ұжымдарының денсаулығын нығайтуға және халықты ВПЧ профилактикасының маңыздылығы туралы хабардар етуге ықпал етеді.