СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхананың дәрігерлеріне ВПЧ профилактикасы бойынша семинарлар өткізілді
- Қаралды: 34
Адам папилломавирусы (ВПЧ) және оған қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың санасын арттыру бағдарламасы аясында «Жас толқын» жастар денсаулығы орталығының гинекологтары №3 қалалық емхананың мамандары үшін бірқатар оқу семинарларын өткізді. Іс-шаралар емхананың екі корпусында өтіп, «ВПЧ профилактикасы мәселелері бойынша хабардар ету» тақырыбына арналды.
Семинарлардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің ВПЧ диагностикасы мен профилактикасы мәселелеріндегі біліктілігін арттыру болды. Әсіресе, жатыр мойны қатерлі ісігі сияқты бірқатар ауыр аурулардың себебі болып табылатын вирусқа қарсы қорғаудың негізгі әдістерінің бірі ретінде вакцинацияның маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында «Жас толқын» мамандары қазіргі статистикамен бөлісіп, ВПЧ туралы кең тараған мифтерді талдап, пациенттерге кеңес беру бойынша практикалық ұсыныстар берді. Қатысушылар алынған ақпараттың жоғары құндылығын атап өтіп, ол медициналық көмектің сапасын жақсартуға және пациенттердің хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.