СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қалалық №3 емханасында ВПЧ профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- Қаралды: 36
Қалалық №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің и.а. меңгерушісі Түсіпбекова Д.М. Биржан сал көшесіндегі емхана филиалының қызметкерлеріне адам папилломавирусының (ВПЧ) профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ВПЧ – жыныстық қатынас арқылы жұғатын ең жиі кездесетін инфекциялардың бірі болып табылады және жатыр мойны қатерлі ісігі сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Іс-шара барысында Түсіпбекова дәрігер ВПЧ-ны профилактикалық және диагностикалық қазіргі әдістер туралы медицина қызметкерлерін хабардар етудің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар вакцинация, сондай-ақ, симптомдар және қауіптілікті азайтудың тиімді шаралары туралы өзекті мәліметтер алды. Сондай-ақ, пациенттерге моральдық қолдау көрсету мәселелері және олармен қарым-қатынаста сенімді атмосфера қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері және «ЖасТолкын» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері ВПЧ туралы ақпаратты емхана қызметкерлерінің арасында ғана емес, сонымен қатар халықтың арасында таратып отырады, бұл инфекцияның тиімді профилактикасының кілті болып табылады.
Қалалық №3 емхананың қызметкерлері ВПЧ және басқа аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.