СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
8 701 785 57 07

"Жас толқын" жастар орталығы

Көру қабілеті неге нашарлайды. Негізгі себептері

Көру органының арқасында адам күн сайын көптеген ақпарат көлемін қабылдайды және өңдейді. Бұл біздің ағзамыздағы ең белсенді және қажетті органдардың бірі. Дегенмен, көптеген адамның көру жітілігі төмендейді. Жиі жағдайда жақсы көру қабілеті жас өзгерістеріне байланысты әлсірейді. Бірақ көз жағдайының ерте нашарлауын тудыруы мүмкін және тіпті көру қабілетінің жоғалуын тудыруы мүмкін басқа да көптеген факторлар бар.

Сіздердің әрқайсысыңыз құрғақ көз синдромы туралы есітген шығарсыздар. Заманауи технологиялар, компьютерлер мен гаджеттердің дамуы дәуірінде біздің көзқарасымыз үнемі экранға зейін қояды, ал бұл жасырын қауіп төндіреді. Көбінесе көру қабілеті компьютердің өзінен емес, монитор мен көздің арасындағы қауіпсіз қашықтықтың сақталмауынан, демалыс режимінің болмауынан бұзылады. Көру қабілетіне үлкен ауыртпалық түседі. Осыдан шығатыны – көздің шаршауы және басқа да маңызды проблемалар.

Егер проблемаға уақытында назар аудармаса, онда құрғақ көздің созылмалы синдромына тап болуы мүмкін. Бұл көз бетінің жеткіліксіз ылғалдануынан туындаған патологиялық жағдай. Көптеген адамдар оның симптомдарын байқайды:

көздегі шаншып ауыру және ашып ауыру;

мерзімді шаншу және қышу;

көз жасының жиі ағуы;

тітіркену және қызару;

көзде құмның болуын сезіну;

көтеріңкі жарықсезгіштік;

көз алдындағы жаялық немесе дақтар.

Бастапқы кезеңде аурудың белгілері әлсіз байқалады және тез кетуі мүмкін. Бірақ егер сіз проблеманы елемесеңіз, ауру толығымен байқала бастайды, симптомдар ауыр болады, уақыт өте келе созылмалы түрге айналады. Ауыр кезеңде құрғақ көз синдромын жеңу әлдеқайда қиын. Ауру асқынған жағдайда синдром көздің мөлдір қабығы мен конъюнктивасын зақымдайды. Бұл көру қабілетінің ішінара немесе толық жоғалуына алып келуі мүмкін ауыр патология. Әрине, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, бірақ асқынусыз да құрғақ көз синдромы өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатады.

Синдромды дамыту бойынша тәуекел тобына жанаспалы линзаларды пайдаланатын, көзге операция жасатқан (оның ішінде көру қабілетін лазерлік түзету), егде жастағы адамдар, диабетиктер мен аллергиктер жатады. Жиі жағдайда синдромның дамуына жұмысы компьютер алдында күнделікті отыруға байланысты адамдар шағымданады. Тәуекел тобына сондай-ақ көлік жүргізушілер, шаң қоймалар мен құжаттар сақтау орындарының қызметкерлері де жатады. Ауасы құрғатылған үй-жайларда тұрақты болатын кеңсе қызметкерлері де қауіпті топқа жатады.

Аурудың дамуын қарапайым әдістермен ескертуге болады: дұрыс жұмыс режимін сақтау, көзге демалыс беру, бөлмені жиі желдету, серуенге шығу. Бірақ бұл мүмкін болмаса, көзге арналған «жасанды көз жасы» ылғалдайтын тамшыларын пайдаланыңыз. Бұл препараттар көз бетінің кебуін болдырмауға көмектеседі. Олар табиғи болуы керек, сондықтан құрамына және консерванттар мен фосфаттардың болмауына назар аударыңыз. Гиалурон қышқылы негізінде жасалатын неміс офтальмологиялық Хило Комод тамшылары мінсіз жарасымды болып саналады. Бұл құрғақ көз синдромының алдын алу және жою үшін тамаша нұсқа.

Астенопия (көздің шаршауы). Табиғатпен адам 80% уақыт алысқа қарау керек деп есептелген, сондықтан көз үшін үнемі “жақын” жүктеме өте зиянды. Біздің көзімізге барлық заттардың айқын көрінуі үшін көз бұршағы жауап береді. Ол линза ретінде жұмыс істейді – көз торына жарық сәулесін сындырады және суретке фокусталады. Жақыннан да және алыстан да жақсы көруді қамтамасыз ету үшін көз бұршағы кірпікті бұлшықтың көмегімен пішінін өзгертеді. Адам үнемі өзіне жақын орналасқан затқа қараған кезде (мысалы, компьютер мониторына) бұлшықет әлсірейді. Астенопия өзінен өзі ауру болып табылмайды, бірақ көздің әртүрлі ауруларына (конъюнктивит, блефарит, аккомодация спазмы) тез ауысады. Астенопия кезінде сізді мынадай симптомдар мазалауы мүмкін:

көзге қос көріну;

суреттің анық еместігі және бұлдырлығы;

көз жасының қатты ағуы;

көздің шаншып ауруы, ашып ауруы;

бас ауруы.

Астенопияны жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыра отырып, көзге демалуды және көз үшін қауіпсіз қашықтықта жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, ескертуге болады.

Рефракцияның бұзылуы. Бұл көз жеткілікті түрде фокустала алмайтын және айқын бейнені қалыптастыра алмайтын жағдай. Статистика бойынша, біздің планетамыздың әрбір үшінші тұрғыны миопиядан (сығырлықтан) зардап шегеді, ол кезде жақыннан объектілер айқын көрінеді, ал алыстан бұлдырлап көрінеді. Сонымен қатар гиперметропия (алыстан көргіштік) кеңінен таралған, ол кезде жақын тұрған заттар нашар көрінеді, ал алыс тұрған заттар – жақсы көрінеді. Астигматизм де кездеседі, ол кезде заттар кез келген қашықтықта анық көрінбейді. Рефракция бұзылуының алдын алу қиын, бірақ уақтылы диагностика кезінде оның дамуын алдын алуға болады.

Көз жарақаттары. Өкінішке орай, механикалық жарақаттан ешкім сақтандырылмаған. Көзге мөлдір қабықты жарақаттауы мүмкін шіркейлер, қылтықтар, құмтүйірлер жиі түседі. Тіпті егер бөгде денені уақытында алып тастаса да, тітіркену немесе қызару қалады. Егер көздің жасаурауы мен қызаруы жалғасса, бұл эрозияның пайда болуын білдіреді. Түнде жанаспалы линзаларды шешуді ұмытып кеткен адамдарға бұл сезім өте таныс: таңертең көзді ашу мүмкін емес. Сондай-ақ, косметика мен тұрмыстық химиядан тітіркену және тіпті жеңіл күйіктер де болады. Жарақат кезінде қалпына келу үшін уақыт қажет, бірақ гиалурон қышқылы мен Хило Кеа декспантенолы бар арнайы тамшылардың көмегімен емдеуді тездетуге болады. Препарат қосымша көзді ылғалдандырады және қабынуға қарсы әсер етеді. Жайсыздық тез кетеді және мөлдір қабық тіндерін регенерациялау уақыты азаяды.

Жастық аурулар. Егде жастағы адам көптеген өзгерістерді бастан кешіреді, оның ішінде көру жітілігінің төмендеуі. Жасы үлкен адамдардың көзге байланысты ең кеңінен таралған аурулары мыналар:

Глаукома – ол кезде көзішілік қысым артады, бұл көзішілік жүйелердің қан айналымының бұзылуына әкеледі, көз жүйкесі қысылады және оттегі тінге жеткіліксіз түседі. Көру қабілеті біртіндеп нашарлайды. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді.

Катаракта – бұл ауру кезінде көз бұршағына дақ түседі, бұл бұлдырлаудан, көру қабілетінің жарқындылығының және кереғарлығының төмендеуінен көрінеді. Толық соқырлыққа әкелуі мүмкін, емдеуге келмейді дерлік. Ауруды толық тексергеннен кейін дәрігер ғана анықтай алады. Катарактаны көз бұршағын жасанды көз бұршағына ауыстыру бойынша хирургиялық араласу нәтижесінде ғана табысты емдеуге болады.

Макулодистрофия – бұл патология кезінде көздің тор қабығы зақымданады, көздің алдында “тұман” пайда болады, ымырт кезінде көру қабілетінің проблемалары басталады. Ауруды толығымен емдеу мүмкін емес, бірақ офтальмологтар аурудың дамуын баяулата алады. Макулодистрофия кезінде тиісті емсіз адам көру қабілетінен толық айырылуы мүмкін.

Пресбиопия – көз бұршағының икемділігінің бұзылуы, нәтижесінде ол фокусталу қабілетін жоғалтады. Қол созып жете алатын қашықтықтағы заттарды аңғарудың қиындауынан көрінеді. 40-45 жаста байқалады.

Не болса да, егер сіз жайсыздық немесе күдікті симптомдарды сезсеңіз, диагнозды нақтылау үшін дереу дәрігерге қаралыңыз.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БАҚ біз туралы