СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қызылшадан негізгі қорғаныс - вакцина!
- Қаралды: 93
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 82 пайыздан астамы балаларға, оның ішінде вакцинацияланбаған балаларға - 83 пайызы келеді.
Қызылша ауруы барлық аймақтарда тіркелгені атап өтілді:
Шымкентте - 3 мыңнан астам жағдай;
Алматы мен Жамбыл облысында - 2 мыңнан астам жағдай;
Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында - мыңнан астам жағдай.
Денсаулық сақтау министрі ұйымдасқан ұжымдарда балалардың жиналуына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінен бастап сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалып отырғанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, №3 қалалық емханада сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін сүзгі кабинеті жұмыс істейді
Қызылшадан негізгі қорғаныс - вакцина!