СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Damumed қосымшасының қымбатты пайдаланушылары!
- Қаралды: 106
Damumed қосымшасының қымбатты пайдаланушылары!
Damumed компаниялар тобының баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты тұрақты түрде қадағалап отырады және кейбір жарияланымдарды талдау негізінде мынадай түсініктеме беру қажет деп санайды.
Damumed компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру заңына сәйкес медициналық ақпараттық жүйе және пациент қосымшасының иеленушісі болып, оларды клиникалар мен пациенттерге ұсынады.
Ал медициналық ұйымдар МАЖ бен МАЖ-ды қолдана отырып құратын деректер базасының иеленушісі. Сондай-ақ, ақпараттық жүйе иеленушісі, ақпараттық ресурс меншік иесі және МАЖ пайдаланушы мәртебесі медициналық ұйымдар мен медициналық қызметкерлерге белгілі бір жауапкершілікті жүктейді. Оның ішінде — деректердің сенімділігі.
Қарапайым сөзбен айтқанда: сіз қосымшада көріп отырған барлық деректерді белгілі бір медициналық ұйымның қызметкерлері жасаған. Қосымша өзі қабылдауға жазбайды, жұмыс кестесін құрмайды, көрсетілген медициналық көмек туралы жазба жасамайды.
Егер сіз пациент қосымшасының пайдаланушысы ретінде қате деп есептейтін деректерді көрсеңіз, қосымшаның арнайы функциясы арқылы пікір қалдырыңыз, немесе ақпарат авторы — клиникаға тікелей хабарласыңыз.