СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Безгек – трансмиссивтік протозойлық инфекция
- Қаралды: 211
📌 Безгек – трансмиссивтік протозойлық инфекция. Безгектің ерекше белгілері – қызбаның қайталануы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, анемия.
Безгек диагнозы жағындыда немесе қан тамшысында безгек плазмодиі анықталған кезде, сондай-ақ серологиялық диагностика нәтижелерімен расталады.
Сырқаттанушылықты P. falciparum тудырады және Африкада 99%-ға дейін, Оңтүстік-Шығыс Азияда 50%-ға дейін, Жерорта теңізінің шығысында 71%-ға дейін және Тынық мұхитының батысында 65%-ға дейін кездеседі. Америка өңірінде аурудың 75%-на дейін P. vivax түрінің қоздырғышы тудырады. Қазақстан аумағында көбінесе безгектің әкелінетін жағдайлары тіркеледі, жергілікті жағдайлар тіркелмеген.