СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
БЖТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНША?
- Қаралды: 220
БЖТ - бұл бірыңғай жиынтық төлем немесе бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі. Яғни, сізге ЖК ретінде тіркелудің және декларация тапсырудың қажеті жоқ. Сізге бар болғаны, айына бір рет БЖТ төлеу керек.
2022 жылы бұл төлемнің мөлшері төмендегідей:
Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Бұл сома "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-да келесі пропорцияда бөлінеді:
10 % – жеке табыс салығы (ЖТС);
20 % – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
30 % – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
40 % - міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).
⁉️ Егер БЖТ төлесеңіз, қандай қызметтер қол жетімді?
БЖТ төлеуші барлық басқа төлеушілер сияқты сақтандырылған азамат. МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер тізбесі медициналық сақтандыру қорына жарналардың мөлшеріне қарамастан барлығына бірдей қолданылады.
⁉️ Сақтандырылған адам болу үшін БЖТ тек үш ай ғана төлеуге бола ма?
Иә. Бірақ МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін Сіз тек үшінші айға аласыз. Мәртебені сақтап қалу үшін БЖТ-ны ай сайын төлеуді жалғастыру қажет.
Сондай-ақ, БЖТ төленген айдың 1-ші күнінен бастап соңғы күніне дейін жарамды екендігін ескертеміз. Сондықтан, сақтандырылған болу үшін төлемді алдын-ала - ағымдағы айдың 25-ші күндерінде төлеу ұсынылады.