СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы кезінде 14 маусымды «Дүниежүзілік қан доноры күні» деп белгілеу туралы шешім қабылданды.
- Қаралды: 143
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы кезінде 14 маусымды «Дүниежүзілік қан доноры күні» деп белгілеу туралы шешім қабылданды. Атаулы күн кездейсоқ таңдалмаған: 1868 жылы дәл осы күні 1930 жылы адамның қан топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған Карл Ландштейнер дүниеге келген.
Бұл күннің құрылуына барлық жерлерде донорлық қан жетіспеушілігі проблемасы себеп болды, өйткені ол көптеген пациенттерді емдеу мен күтуде маңызды және таптырмас фактор болып табылады.
Жыл сайын осы күні көптеген емделушілердің өмірін құтқаруға көмек көрсеткені үшін барлық қан донорларына шексіз алғыс білдіріледі. Сондай-ақ, адамдарды осы мәселені түсінуге және ерікті түрде белсенді қан тапсыру арқылы бұл мәселені шешуге ықпалдасуға шақырады.
Бүгін біз барлық қан донорларына үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, ол кісілерге «Рахмет!» - дегіміз келеді.
Сондай-ақ, біз Сіздермен қан тапсыру үшін қажетті ақпарат пен ұсынымдар берілген пайдалы инфографикамызбен бөлісеміз!