СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні
- Қаралды: 200
№3 қалалық емханада Республика даңғылы, 56 мекенжайындағы бас ғимаратта Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Ашық есік күні өтті. Бұл күні учаскелік терапевттер мен ЖПД дәрігерлері барлық ниет білдірушілерге кеңес берді. Сондай-ақ, іс-шара аясында хирург пен ЛОР дәрігері қабылдаулар жүргізді.
Пациенттерге мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу, оның ішінде тамақтану және СӨС сақтау бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Ашық есік күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Біржан Сал көшесі, 1 мекен-жайындағы емхананың басқа ғимаратында да өтті. Мұнда жасөспірімдерге гинекологтар, уролог, ультрадыбыстық дәрігер, психолог және пульмонолог кеңес берді. Келгендердің барлығына ақпараттық-білім беру материалдары табыс етілді.