СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Д. А. Қонаев атындағы колледж студенттеріне Дүниежүзілік иммундау апталығы туралы айтылды
- Қаралды: 145
"Қуып жету" – осы ұранмен биылғы Дүниежүзілік иммундау апталығы өтіп жатыр. Студенттерге мұндай ұран пандемияға байланысты көптеген балалар мен ересектер вакцинация уақытын өткізіп алғандықтан таңдалғанын түсіндірді. Сондай-ақ, студенттерге вакциналар бүкіл қалаларды қорқынышты, өлімге әкелетін аурулардан құтқарған тарихтан мысалдар келтірілді.
Дүниежүзілік аптаның басты мақсаты-вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан көбірек балалар мен ересектерді қорғау.
Иммундау-Денсаулық сақтау саласындағы ең табысты және үнемді шаралардың бірі. Әр адам иммундаумен қамтуды кеңейтуге, соның ішінде вакцинация, отбасы мүшелерін егу және вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат таратуға ықпал ете алады.
Сондай-ақ студенттерге МӘМС туралы, пациенттің қандай құқықтары бар және медициналық қызметтерді алмаған жағдайда қайда жүгінуге болатындығы туралы айтылды.