СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Каримбаева Ақниет Бауржанқызы
- Қаралды: 180
Каримбаева Ақниет Бауржанқызы
Ақ халатты абзал жан атану адам денсаулығына жауапты болу әсте оңай емес. Абыроймен адамдық қасиеті байқалатын бұл қызметке кез келген адамның жүрегі дауалап келе бермейді.
Хирург атасының аманатын орындап 2007 ж «Астана Медициналық Университетінің» Жалпы медицина факультетінің - терапия бөліміне грантпен оқуға түсіп, 2012 ж диплом алды. Сол жылы интернатура бөліміне оқуға түсіп, 2014 жылы терепевт мамандығын толықтай алды. 2016 ж Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының резидентура бөліміне оқуға түсті. 2018 жылы "Сәулелі зерттеу" мамандығы бойынша диплом алды.
2012-2013 жылдары - Астана қаласы «Перенатальды орталығында», реанимация бөлімінде - мейірбике қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары «Астана Медицина Университетінің»- психология және неврология кафедрасында – лаборант дәрігер көмекшісі қызметін атқарды.
2014-2018 жылы Қызылорда облысы жедел жәрдем станциясында терапевт болып, кардио бригадада қызмет етті. Ақниет Бауыржанқызы тәннің қиналысымен қасіретін жүрегімен сезініп , баға жетпес құндылық- адам денсаулығын сақтап қалуға бар білімін жұмсайтын дәрігер екенін көрсете біліп, бірнеше Алғыс хаттармен марапатталып, өзінің қандай құрметке лайық екенін көрсетті.
Қазіргі таңда Астана қаласында ШЖҚ МКМ № 3 қалалық емханасында - заманауи медицинаны бітірген ультрадыбыстық зерттеу дәрігері болып, абройлы қызметін атқаруда.
Келешекте Қазақстан халқына медициналық көмегін көрсетіп, аурудын алдын алу жолдарын адал, қолға алған , әр жұмысында жауапкершілікпен тияанақтылық басты қағидасы болып саналады. Науқастардың үміті мен сенімін арттырып, өмірге деген құлшынысын шындайды.