СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
СТУДЕНТТЕРГЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС
- Қаралды: 176
Д. А. Қонаев атындағы елордалық колледжде 1 курс студенттері үшін білім беру шеберлік сыныбы өтті. Кездесуді "Жастолқын" ЖДО қызметкерлері мен "Шипагер"медициналық колледжінің студенттері өткізді.
Болашақ дәрігерлер зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің теориялық негіздері мен құқықтық нюанстарын айтты. Соның ішінде, Д. А. Қонаев атындағы колледж студенттеріне көмек көрсету орнының қауіпсіздігін, жәбірленушінің жағдайын бағалауды, тыныс алуды анықтауды, жасанды тыныс алуды және т. б. үйретті.
"Тақырып кез – келген жастағы азаматтар үшін өзекті, өйткені қиын уақытта көмекке келу үшін алғашқы көмек көрсетудің негізгі дағдылары болуы керек",-дейді СӨС дәрігері Азат Нұрмағамбетов, шеберлік сыныбын ұйымдастырушылардың бірі.
"Әр адам зардап шегушіні де, өзін де жазатайым оқиғалардың, жарақаттардың, уланулардың және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін басқа да құбылыстардың жағымсыз салдарларынан қорғауға көмектесетін ең төменгі білім базасына ие болуы керек", – деп есептейді "Жас толқын" ЖДО қызметкері Ирина Михайловна.
Өз кезегінде колледж студенттері көмекке мұқтаж болуы мүмкін жағдайлардың барлық спектрін қамтуға және медициналық ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін осындай кездесулердің тұтас сериясын іске асырудың маңыздылығын атап өтеді.