СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ. СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.
- Қаралды: 157
ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ. СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.
💥 жеңілдік санатына кіреді:
⚡18 жасқа дейінгі балалар;
⚡Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
⚡Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар;
⚡Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға немесе асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
⚡«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
⚡Мүгедек баланы күтетін жұмыс істемейтін адамдар;
⚡Бала кезінен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар;
⚡Мүгедектер;
⚡Зейнеткерлер мен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
⚡Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар;
⚡Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
⚡Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
⚡Жұмыс істемейтін оралмандар;
⚡Ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар;
⚡Тергеу изоляторларында отырған адамдар.
🙌 Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, ХҚО-ға тапсыру қажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі.