СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емханада кезекке тұрмастан дәрігердің қабылдауына онлайн немесе телефон арқылы жазылуға болады.
- Қаралды: 153
№3 қалалық емханада кезекке тұрмастан дәрігердің қабылдауына онлайн немесе телефон арқылы жазылуға болады. Бұл электронды қызмет түрінің енгізілгеніне бірнеше жыл болғанына қарамастан, әліге дейін оның жолын білмейтіндер көп.
1. eGov порталы арқылы дәрігер қабылдауына жазылу үшін:
✅ Порталда авторизациядан өтіп, "Дәрігер қабылдауына жазылу" бөлімінде "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз;
✅ Өтінімді өзіңіз үшін не балаңыз үшін толтыруға болады. Қабылдау күнін уақытын, қызмет түрі мен дәрігерді таңдап, "бұдан әрі" батырмасын басасыз;
✅ Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөліміне электронды өтінім статусы түрінде 30 минут ішінде хабарлама келеді;
✅Емханаға өзіңіз белгілеген уақытта барыңыз.
Бұл қызметті алу үшін ЭЦҚ талап етілмейді. Алайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелмесеңіз бұл қызмет көрсетілмейді.
2. eGov mobile қосымшасы арқылы жазылу үшін ЭЦҚ қажет. Ал ЭЦҚ алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтіп, жеке басыңызды растауыңыз керек. Қызметтер бөлімінен "Денсаулық сақтауды", одан кейін "Дәрігер қабылдауына жазылу" батырмасын басасыз. Қабылдау күнін уақытын, қызмет түрі мен дәрігерді таңдап өтінім жібересіз. Он минут ішінде жауап келеді.
3. Дәрігер қабылдауына жазылу үшін ең алдымен Damumed сайтында мәліметтеріңізді толтырып тіркелу керек.
✅ Бас бетте "Қабылдауға жазылу" деген бөлімге кіріп, жазу түрін таңдайсыз;
✅ Күнді, уақытты таңдап, емханаға келу себебін жазасыз. Үйде отырып дәрігерге қараламын десеңіз "онлайн консультация" белгісін белгілеп, "жазылу" батырмасын басасыз;
✅ Жеке кабинетте "Хабарландыру" бөліміне дәрігерге жазылғаныңыз жөнінде хабарлама келеді.
✅ Жазбалар бөліміне кіріп "Әрекеттер" батырмасында талонды басып шығаруға, QR-кодты көрсетуге және "болдырмау себебін" көрсетіп, жазылудан бас тартуға болады.
4. Немесе бірыңғай Call-орталықтың 109 нөмірі бойынша жазулуға болады.