СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНАТЫНДЫҒЫНЫҢ БЕС ДӘЛЕЛІ
- Қаралды: 212
❗❗❗ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНАТЫНДЫҒЫНЫҢ БЕС ДӘЛЕЛІ
💁♀️ 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс.
⚡Алайда, мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады.
💁♀️ Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі.
💁♀️ Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады.
💁♀️ Сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды - жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ.
⚡Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін.
💁♀️ 5 қыркүйектен бастап МӘМС-ке ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ке алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.