СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Астана кәсіпқой колледж студенттері үшін "ЖЖБИ алдын алу" тақырыбында дәріс өтті
- Қаралды: 156
Астана кәсіпқой колледж студенттері үшін "ЖЖБИ алдын алу" тақырыбында дәріс өтті
№3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі мен "Жас Толқын" ЖДО жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дәріс өткізді.
Колледж студенттеріне аурулардың берілу жолдары мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғау әдістері туралы дәрігер Серік Мақсымұлы айтып берді. Ол жастардың назарын жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырудың ең қарапайым алдын - алу шаралары кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, тосқауыл түріндегі контрацепцияның заманауи құралдарын қолдану және жеке гигиенаны сақтау болып табылатындығына аударды. Әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.