СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС
- Қаралды: 267
Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі
* Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді
Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.
Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз
Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет
Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді️ ️
2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл АЕК 5%.
Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса бір жылға алдын ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.